Jas Otan жастар қанатының өңірлік филиалы "Дәрігерлерге мың алғыс" акциясын өткізуді қолға алды. Филиал төрағасы Ринат Ғилажевтың мәліметінше, акция кезінде атыраулық 500 дәрігерге денсаулық себетін тапсыру көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
"Біздің акциямыздың мақсаты – төрт айға жуық уақыттан бері қауіпті індетпен күресіп жүрген дәрігерлерге алғыс білдіру. Денсаулық себеті аудандардағы дәрігерлерге жеткізіледі", дейді Ринат Ғилажев.
Бүгін еріктілер облыстық аурухана мен №2 инфекциялық аурухананың 100 дәрігеріне денсаулық себетін тапсырды. Себетте иммунитетті арттыруға және нығайтуға қажетті азық-түлік өнімдері бар.