• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Шілде, 2020

Әскерилер еліміздің бірқатар өңірлерінде дезинфекция жұмыстарын бастады

440 рет
көрсетілді

Еліміздің Қарулы Күштері жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдай органдарына гарнизондарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізуге көмек көрсетуді қайта бастады, деп хабарлады ҚМ баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Ақмола, Ақтау, Атырау, Қызылорда, Тараз және Шымкент гарнизондарында өңдеу жұмыстары қолға алынды.

Елді-мекендерді өңдеуге жұмылдырылған құрама жасақ арнайы техникамен, АРС-14 авто құю станцияларымен, өңдеу жиынтығымен және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етілген.

Өткен аптада арнайы өңдеудің жиынтық жасағы жалпы ауданы 751 мың шаршы метрден асатын 450-ден астам әлеуметтік маңызы бар және басқа да нысандарды дезинфекциялады.

Әкімдіктердің өтінімдері бойынша 18 шілдеде дезинфекциялау жұмыстары Ақтау, Атырау және Нұр-Сұлтанда жүргізіледі. Әскери қызметшілер таңертең жұмыстарын бастап, 27 әлеуметтік маңызы бар және 35 басқа қалалық нысандарды өңдеуде. Қала тұрғындары көп жиналатын жерлерге де ерекше көңіл бөлінеді.

Өңдеу жоспары жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері бойынша отырып қалыптастырылады. Дезинфекциялау жұмыстарын 25 шілдеге дейін жалғастыру жоспарланып отыр, бірақ қажеттілігіне қарай мерзімі ұзартылуы мүмкін.