• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 20 Шілде, 2020

Асхат Аймағамбетов: Келесі жылдан бастап білім беру саласын басқару жүйесі өзгереді

2480 рет
көрсетілді

Білім министрі келесі жылдан бастап білім беру саласын басқару жүйесі өзгеретінін мәлімдеді. Бұл туралы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

"Енді 2021 жылдан бастап аудандық және қалалық білім беру бөлімдерін қаржыландыру және басқару құзыреті облыстық білім беру басқармаларына беріледі", деп жазды министр Facеbook-те.

Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов аудандық білім бөлімдері, облыстық, қалалық білім басқармалары басшыларын тағайындау және жұмыстан босату ережелерін өзгерту керектігін айтты.

"Білім бөлімдері мен басқармаларының басшысы қызметіне білім саласында тәжірибесі бар және құзыреті жеткілікті адамдар тағайындалатындай етуіміз керек. Соңғы жылдары бұл лауазымдарға білім саласына қатысы жоқ адамдарды тағайындау фактілері жиі кездесті, оған жол бермеуіміз керек", деді ол.

Осы орайда қалалық білім басқармалары мен аудандық білім бөлімдерінің басшылығына тәжірибелі мамандарды тарту, директорларды тағайындау жүйесін өзгерту, оларды аттестаттау және ротациялау институтын енгізу жұмыстары жүргізілмек.