• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Саясат 21 Шілде, 2020

Карантин тәртібін бұзғандар жауапқа тартылады

166 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа дәрі-дәрмекті заңсыз сатудың жолын кесу және карантин шараларын бұзу фактілері туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес мәселелері жөнінде өткен селекторлық кеңесте құқық қорғау, денсаулық сақтау және жергілікті атқарушы органдар дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтарды сату бо­йынша құқықбұзушылықтарды анық­тауда және оның жолын кесуде тұрақты түрде ведомство­аралық жұмыс жүргізу қажеттігін баса айтты.

Кеңесте Ішкі істер министрі Е.Тұр­ғымбаев есеп беріп, ІІМ ден­саулық сақтау және жергі­лікті атқарушы органдармен бір­лесіп,18 мыңнан астам рейд жүргізгені туралы баяндады.

Көрсетілген кезеңде барлығы 4000-нан астам карантинді бұ­зушы анықталып, шара қол­да­ныл­ды. Атап айтқанда мұндай жағ­дай Алматы қаласында, Ақ­мо­ла, Түркістан, Алматы жә­не Жам­был облыстарында көп тір­келді.

Дәрілік заттар мен меди­ци­налық мақсаттағы бұйымдарды заңсыз сатудың жолын кесу бо­йынша (5 шілдеден бастап) ішкі істер органдары заңсыз айналымнан 65 мың қораптан астам дәрілік препараттарды, жарты миллион медициналық маска мен 36 мың медициналық бұйымды тәркілеген. Олар қымбатқа са­тыл­ған.

Сондай-ақ ішкі істер органдары дәрілік заттарды заңсыз сатудың 348 фактісінің жолын кесті. Полицияға 284 адам жеткізілді, оның 138-сі медицина саласының қызметкерлері. Дәрі-дәрмектің көп көлемі Нұр-Сұл­тан, Алматы, Шымкент, Қара­ғанды және Атырау қалаларында алынды.

Алынған медициналық препараттар аумақтық денсаулық сақтау органдарына беріледі.

Сонымен қатар Е.Тұрғымбаев ішкі істер органдары жүргізіп жат­қан қоғамдық тәртіпті сақ­тау және қолданыстағы шектеу шараларын қамтамасыз ету жұ­мыс­тары туралы баяндады. Бұл міндеттерді орындау үшін күн­делікті 13 000 полицей, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және 1000 ерікті  жұмыс істеуде. 4 облыста 2 санитариялық жә­не 9 блок-бекет қойылды. 241 жұқ­тыру ошағы мен 366 ка­рантиндік нысан қоршауға алынды.

Кеңес қорытындысы бойынша, Президент ішкі істер органдары бұл бағыттағы жұмысты жалғастыратынын, ал кінәлілер заңнамаға сәйкес жазаланатынын  атап өтті.

Бұл тапсырманың іске асырылуын бақылау Қазақстан Президенті Әкімшілігінің үй­лес­тіруімен Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратына жүктелді.