Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде шілде айында енгізілген екі апталық қатаң карантиннің нәтижелері туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz
"Екі апта ішінде қабылданған жедел іс-шаралардың нәтижесінде келесідей оң нәтижелерге қол жеткіздік:
коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тәуліктік өсімі 4-тен 2,1%-ға дейін төмендесе, сауығып кеткендердің саны 60%-ға артты;
жедел жәрдемді шақыру саны 23%-ға, провизорлық төсек-орын саны 20%-ға, ал реанимациялық төсек-орын саны 6%-ға дейін төмендеді", дейді Алексей Цой.