• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
21 Шілде, 2020

Шетелге маска шығармақ болғандар ұсталды

124 рет
көрсетілді

Алматыда масканы шетелге шығармақ болған қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Алматыдағы қылмыстық топ кәсіпкерлерді бопсалаған. Сөйтіп жалпы сомасы 38 миллион теңгенің маскасын сыртқа шығаруға әрекеттенген. Алайда айласы іске аспай, қолға түсті. Масканы шекарадан шығармақ болғандардың бәрі теріс діни ағым өкілдері. Бұрын да ауыр қылмысы үшін сотталған екен. 

Қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, Қылмыстық жолмен табылған ақшаның барлығын азаматтар өздерінің жеке қажеттіліктеріне жаратқан.

"Негізі қымбат киім киіп, бағалы, содан соң қымбат мейрамханаларда көңіл көтерумен айналысқан екен", - дейді ол.