Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус және пневмонияны үйде емдеу хаттамасына бес жаңа дәрі енгізілгенін айтты.
"Біз пневмонияны, коронавирусты пневмонияны және коронавирусты емдеуге арналған бес негізгі фармацевтикалық препаратты қосу бойынша мәселені қарастырудамыз. Бұл антикоагулянттар, дене қызуын түсіретін препараттар және антибиотиктер", - деді Цой.
Оның айтуынша, бұл халық дәріханалар арқылы іздеп жүрген негізгі топтағы дәрілер.
"Бұл препараттар алдымен медицина қызметкерлерінің сараптамасынан өтуі керек. Аурудың жеңіл түрін дәрігердің бақылауымен емдеу үшін біз осы дәрі-дәрмектерді үйде емдеу стандартына қосқымыз келеді. Қазір дәрілерді жеткізу мәселесін қарастырып жатырмыз", - деді ол.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирустан бірде-бір бала қайтыс болған жоқ.