• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Шілде, 2020

Жерлеу қызметінің құнын өсіргендер жазаланады

671 рет
көрсетілді

Құқық қорғау органдары мәйітханалар мен жерлеу қызметінің құнын көтергендерді тексеруге кірісті. Мұндай шаралар барлық өңірде жүріп жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Алматыда жаға ұстатар жағдай тіркелді. Жерлеу қызметіне жүгінген тұрғындар, оның ақысын естіп есеңгіреп қалған. Бірақ  шарасыздықтан 80 мыңнан бастап, кейбірі тіпті 1 млн теңгеге дейін төлеуге мәжбүр болды. Мұндай бассыздыққа шыдамағандар полиция департаментіне шағымданды. Ал қайғыдан қаржы табуға қысылмаған пысықайлар қамауға алынды. 

Қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, Негізі арнайы кассаға 54 мың теңге көлеміндегі ақша төленеді екен. Бұл белгіленген сома.

Әзірге рәсімді атқарудың нақтыланған бағасы жоқ. Әр өңірде әр түрлі. Бірақ шекті бағаны бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.   

Соңғы екі аптада мәйітті тасымалдау және жерлеу ақысы аспандап кетті. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге бір күн ішінде бағаны көтергендерді жөнге келтіруді тапсырған еді.

Қазір ішкі істер министрлігі мен коррупцияға қарсы қызмет бірлесіп бағаны бетімен жібергендердің соңына шам алып түсті. Белгіленген сомадан бір тиын артық сұраса сабасына түсіру үшін құзырлы органдарды хабардар ету керек.