Ресей Федерациясы Африканың бірнеше мемлекетінде қалып қойған азаматтарын елге қайтару жұмыстарын жүргізді. Індет кезінде шекара асып, елге орала алмай қалған ресейліктер мінген бортта төрт қазақстандық бар, - деп хабарлайды Egemen.kz .
Олар шекара жабылмай тұрып, түрлі себептермен сонда барып, кері қайта алмай қалған. Жалпы Мәскеуге 185 жолаушы ұшып келді. Ал маршрут үш апта бойы әзірленген. Отандастарымызды алып келу шаруасы Ресеймен өзара әріптестік негізінде жүзеге асырылған.