• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Шілде, 2020

Испанияда коронавирус жұқтырғандар саны 400 пайызға өсті

166 рет
көрсетілді

Испанияда карантин алынып тасталғаннан кейін бір ай өткенде коронавирус жұқтырғандар саны 400 пайызға өсті. Ең қиын ахуал – Каталония мен Арагонде. Жергілікті басшылық бірқатар аудандар мен Барселона тұрғындарына үлкен қажеттілік болмаса, үйден шықпауға кеңес берген еді, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Алайда, бұл шектеу шаралары әрдайым орындалмай отыр. Эпидемия қайта өршіп, көптеген кварталдар мен қалалар карантинге алынғандықтан, бизнес тағы да үлкен қиындықтарға тап болды.

Пандемия Еуропа одағында 135 мыңға жуық адамды мерт қылса, АҚШ-та 141 мыңдай тұрғынның өмір қиды. Коронавирус  жұқтырудан бірінші орында  Құрама Штаттар тұр: дауасы жоқ ауруға 3,8 миллион америкалық шалдыққан. Одан кейін – Бразилия – 2,1 миллион адам. Ал, Үндістанда мұндай науқастардың саны 1 миллион 160 мыңға жақындап қалды.

Коронавирус пандемиясы бүгінде Оңтүстік Африкада да күшейіп, оны жұқтырғандар Ботсванада, Кенияда, Намибияда, Замбияда, Зимбабведе де көбейіп келеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, Америка континенттерінде 70 мыңнан астам байырғы үндіс те коронавирусқа шалдығып, екі мыңдайы жан тәсілім еткен.

Вашингтондағы Джонс Хопкинс университетінің есебінше, әлемде бұл инфекцияны жұқтырғандар жалпы саны 14 миллион 700 мыңнан асып, 610 мыңға жуығы қайтыс болған.