• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Білім 22 Шілде, 2020

Колледжге түсу туралы кеңесті үйден шықпай-ақ алуға болады

468 рет
көрсетілді

Талапкерлерге арналған виртуалды қабылдау қызметі 24/7 тәртібінде жұмыс істейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Қандай мамандықтарға гранттар бөлінді, колледжге түсу үшін қандай құжаттар қажет және жеңілдіктерді қалай алуға болады? Осы және басқа да сұрақтарға талапкерлер үйден шықпай-ақ жауап ала алады. Елордалық колледждердің сайттарында виртуалды қабылдау қызметі жұмыс істейді. Ассистенттер келіп түскен сұрақтарға 3-5 минут ішінде жауап береді.

"Біз бес күн бұрын виртуалды қабылдауды іске қостық, қазірдің өзінде 200-ден астам өтініш келіп түсті. Көбі гранттар мен жеңілдіктер бар мамандықтарға құжаттарды қалай тапсыру керегін сұрап жатыр. Ауылдық жерден көптеген өтініштер бар. Виртуалды ассистент 24/7 режимінде жұмыс істейді, бірде-бір сұрақ жауапсыз қалмайды", деді Политехникалық колледждің директоры Қасымхан Сенғазыев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта барлық кеңестерді колледжге барып алуға болады. Алайда пандемия кезінде қауіпсіздік мақсатында қарым-қатынасты шектеген дұрыс. Виртуалды қабылдау комиссиялары 20 тамызға дейін 33 елордалық колледждің сайттарында жұмыс істейтін болады.

Соңғы жаңалықтар