Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген онлайн-брифинг барысында Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді, - деп жазады Egemen.kz
"Алматы қаласы коронавируспен күресте бар күш-жігерін салып отыр. Қала бойынша эпидемиологиялық жағдай шиеленіскен, бірақ реттелуде. Алматы қаласы бойынша көрсеткіштер тұрақтанды, жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Бүгінгі күні Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай келесідей: қазіргі уақытта қалада 9634 COVID-19 жағдайы тіркелген. Тәулік ішінде 241 жағдай анықталды. Бүгін 5667 адам немесе 60%-ы сауығып шығарылды, тәулігіне 379 пациент емдеуден шығарылды. Коронавирустан қайтыс болғандар саны 73 адамды құрайды.
КВИ симптомдарымен үйде 2446 адам бақылауда, оның ішінде симптомсыздар саны – 1762 және симптомдармен 684 пациент бар, негізінен олар жеңіл сырқаттанып жатыр. Бүгінгі күні жалпы індеттке арналған 6001 төсек-орын болса, оның 49%-ы бос емес", деді Камалжан Надыров.
АЛМАТЫ