• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Шілде, 2020

Атырауда коронавирусқа шалдыққандар саны 9 392 адамға жетті

350 рет
көрсетілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуына қарағанда, Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған  9392 адам тіркеліп отыр. Тек  соңғы тәулікте  109 адамнан қауіпті індет расталыпты. Өсім – 1,7 пайыз, - деп жазады Egemen.kz

"Қазір облыста  1170 инфекциялық, 787 провизорлық, 2013 карантиндік керует жасақталды. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, инфекциялық керуеттердің саны 60 пайызға артты. Нақтырақ айтқанда, бұрынғыға  466 орын қосылды. Бүгінде 55 интерн инфекциялық, провизорлық стационарларда қызмет етуде. Сондай ақ, ресейлік дәрігерлер біздің дәрігерлермен тығыз байланыс жасап, бекітілген  алгортимге сәйкес ем жүргізуде",- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Қазір коронавирусты жұқтырғандар адамдардың 60 пайызы сауығып шықты. Қазір  жазылғандардың  саны  5677 адамға жетті.