• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Шілде, 2020

Науқастардың 60 пайызы сауығып шықты

263 рет
көрсетілді

Алматыда вирус жұқтырғандардың жартысынан астамы са­уық­ты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі өткіз­­ген онлайн-брифинг барысында қалалық денсаулық сақ­тау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мә­лім­де­ді.

­«Алматы қаласы коронавируспен күресте бар күш-жі­­г­е­рін салып отыр. Қала бо­­йынша эпидемиялық жағ­дай шие­леніскен, бірақ ретте­лу­де. Қазір көрсеткіштер тұрақ­тан­ды, жү­й­елі жұ­мыс­тар атқа­ры­луда. Бү­­гінде Алма­ты­да­ғы эпиде­мия­лық жағдай келе­сідей: қа­зір қалада 9634 COVID-19 жағ­дайы тіркелген. Тәу­лік ішін­де 241 жағдай анық­талды. 5667 адам немесе науқастардың 60%-ы сауыққан соң ауруханадан шыға­рылды, тәулігіне 379 пациент емдеуден босатылды. Коронавирустан қайтыс бол­­ғандар саны 73 адамды құ­­рай­ды. КВИ симптомдары­мен үйде ем алып жатқан 2446 адам бақылауда, олардың ішін­де симптом­сыздар саны – 1762 және симптомдарымен 684 пациент бар, негізінен олар жеңіл сыр­қаттанған жандар. Бүгінде жал­пы індетке арнал­ған 6001 төсектік орын болса, оның 49%-ы бос емес», деді К.Надыров.

 

АЛМАТЫ