• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Шілде, 2020

Аймақтарда дәрі сатып алу көлемі артқан

145 рет
көрсетілді

Елімізде қорғаныш бұйымдары мен дәрі-дәрмек сатып алу көлемі артқан. Қостанай облысында қорғаныш костюмдері үшін аймаққа Үкімет 880 млн, жергілікті бюджет 292 млн теңге жұмсаған. Осындай ауқымды шаралар еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асып жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Қостанай қаласына құны 110 млн теңге болатын 3 тоннадан астам дәрі-дәрмек жеткізілді. Олардың басым бөлігі қызуды басатын, вирусқа  қарсы препараттар. Қажетті қаржыны Қостанай облысының әкімдігі бөлген.

Ал Түркістанға 5 млн ға жуық дәрі-дәрмек әкелінді. Негізінен коронавирус пен пневмонияға қарсы қолданылатын препараттар Өзбекстаннан жеткізілді. Оны сатып алуға 500 млн теңге облыс бюджетінен берілген. 

 

Солтүстік Қазақстанға да Ресейдің  Түмен облысынан гуманитарлық көмек жетті. Көрші елдің кәсіпкерлері бірігіп, 20 мыңнан астам   маска, 5 мың медициналық қолғап пен 500 литр антисептик жіберген. Бұл көршіміздің қысылтаяң шақта бірінші рет көмек қолын созуы емес. Осыған дейін табиғи апаттар кезінде де қолдау көрсеткен.  

 Жамбыл облысында науқасқа шалдыққан мұқтаж жандарға өңірдегі іскер азаматтар көмек көрсетіп  жатыр.  Олар 350 миллион теңгеден астам  қаражат жинаған. Бұл қаржыға дәрі-дәрмек сатып алынып таратылады. Бүгін гуманитарлық көмек Шу аудынындағы орталық емханаға да жетті.

Мәтін: Шымкент қаласында да медициналық дәрі дәрмектің бір айлық қоры жасақталды.  Үндістан, Ресей, Украина және Өзбекстан елдерінен  бағасы  16 миллион 700 мың теңге болатын   3 млнға жуық құты дәрілік препарат жеткізілді. Қалада қазір 10 ірі фармкомпания және 560 дәріхана жұмыс істеп тұр. Оларға шетелден дәрі-дәрмек жеткізу үшін   аранайы рұқсат берілген.