• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Шілде, 2020

Аурухананы күн сайын 40 литр қымызбен қамтып отыр

308 рет
көрсетілді

Денсаулық күзетіндегі дәрігерлерге демеу көрсету ісі жалғасып жатыр. Игі шара Алматы облысының барлық ауданында өтуде. Күні кеше Еңбекшіқазақ ауданындағы 25 ауылдық округтің тұрғындары бірлесіп, медицна қызметкерлері мен ауруханада ем алып жатқан науқастарға қымыз жеткізді, -  деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыл әкімдерінің ұйымдастыруымен бір күнде 700 литр қымыз жиналған екен. Дәру сусын аудандық аурухананың провизорлық бөлімінде жатқан ем алушылар мен дәрігерлерге ұсынылды. Ел азаматтары ауруханаға қымыздан басқа қажетті азық-түлік те жеткізіп берген. Ал қымыз, саумалмен қамту енді тұрақты болмақ, ол үшін әр округ әкімдері күн сайын 40 литр ұлттық сусын жеткізіп еруді мойындарына алыпты.

Айтпақшы, Еңбекшіқазақ ауданының атқа мінерлері медицина қызметкерлері үшін қызметтік көліктерінен бас тартып, өздеріне тиеслі машинаны дәрігерлерді тасымалдауға берген екен.

 

Алматы облысы