• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Коронавирус 23 Шілде, 2020

Еуропадағы қазақтар елге ақшалай көмек жібереді

262 рет
көрсетілді

Қазақстанда індет өршуіне байланысты, Еуропада тұратын қандастар бірігіп, елге ақшалай көмек жібермекші, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Қазір Еуропаның 10 елінде 10 мыңдай қандас тұрады. Көбі 50-жылдары Түркиядан осында қоныс ауарғандар.  Олар елде індет өршігенін есітіп, бірігіп түрлі көмек түрлерін көрсетуге бел буған.

Франция, Италиядағы дәрігер қазақтар жерлестеріне онлайн ақыл-кеңес берсе, Германиядағы кәсіпкер  бауырлар жедел пошта арқылы ағайынға дәрі-дәрмек жеткізді. Қазір Еуропа қазақтары қауымдастығының мүшелері банктен есеп-шот ашып, демеуқаржы жинап жатыр. Ақшалай көмек Қазақстанға жақын күндері жіберіледі.