• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Медицина 23 Шілде, 2020

Бақытжан Сағынтаев: Алматының барлық емханаларында оттегі орталықтан берілуі керек

286 рет
көрсетілді

Алматының барлық клиникаларында оттегінің орталықтан берілуін қамтамасыз ету керек, – дейді Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев. Бұл туралы "Алматы" телеарнасының Akimat Live бағдарламасына қатысқан қала әкімі Бақытжан Сағынтаев хабарлады. 

Сапалы емге әсер ететін факторлардың бірі – ол науқастарды медициналық оттегімен қамтамасыз ету. Осыған байланысты, бұл мәселені жүйелі түрде шешу үшін медициналық ұйымдарға оттегі станцияларын орнату бойынша қалалық бағдарлама қабылданды. Осының арқасында бірінші эшелондағы жатын орындардың 100%-ы оттегімен қамтылады.

"Егер клиникаларда қажетті көлемде станция жұмысын қамтамасыз ете алатын өз оттегі станциясы болса, онда ол жүйені реттеу керек. Ол үшін қаржы да бөлінді. 10 қыркүйекке дейін ауыр жағдайдағы науқастармен жұмыс істейтін бірінші эшелондағы 8 клиника орталықтандырылған оттегі беру жүйесінің стационарларымен қамтамасыз етіледі. Екінші кезеңде біз екінші эшелондағы клиникаларды оттегімен қамтамасыз етуге көшеміз, сол арқылы бұл мәселені шешеміз", - деп атап өтті әкім.