
Аудандық аурухананың бұрынғы ғимараты жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен толық жөндеуден өтуде. Нысан тамыз айында пайдалануға беріледі.. Орталықтың жалпы аумағы – 1500 шаршы метрді құрайды.
"Бұл өз кезегінде ауданда науқастардың азаюына және аурудың кең таралмауына сеп болады", - дейді мамандар.
Айта кетейік, Түркістан облысында пандемиямен күрес белсенді жүргізілуде. Осыған дейін қажетті дәрі-дәрмек үшін облыс бюджетінен қаражат бөлініп, Өзбекстаннан 5 млн данаға жуық дәрілік препараттар әкелінген еді.