• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Шілде, 2020

Жапонияда бір рет қолданылатын бетперделердің қауіптілігі туралы ескертілді

3972 рет
көрсетілді

Жапонияның Киодо агенттігі ғаламшар экологиясы үшін бір рет қолданылатын медициналық бетперделердің қауіптілігі туралы хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Пандемиямен күресу аясында медициналық бетперделерді сату науқаны көш басында тұр. Оларды әлем халқы осы аптап ыстық мезгілде де қолданып келеді.

Киодо агенттігінің пікірінше, жаһан жұртында мұндай биологиялық қауіпті қалдықтарды қалай кәдеге жарату керектігі туралы түсінік қалыптаспаған. Кейбір елде қоқысты дұрыс жою үшін ешқандай жағдай жоқтығын да сөз етеді.

Агенттік әлемнің әр түкпіріндегі басылымдардың сөзін келтіріп, Күн шығыс елінің жағалауында бір реттік бетперделер су айдынында қалқып жатқанын айтады. Медициналық қалдықтар саны Түркия мен Еуропа елдерінің жағалауларында жиі байқала бастаған. Ал Франция экологтерінің айтуынша,  теңіз бен мұхит суларында көп ұзамай медузалар емес, бетперделер шоғырын көруге қорқатынын мәлімдейді.

Себебі мұндай бетперде қалдықтары адамның жейтін асынан және балықтың ішек қуысынан табылған. Бұл микропластика бөлшектеріне ыдырау үшін жүз жылдан астам уақыт қажет.