• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Шілде, 2020

Павлодар облысының әкімі азаматтардың онлайн қабылдауын өткізді

169 рет
көрсетілді

Өңір тұрғындары Әбілқайыр Сқақовқа өздерінің проблемалары туралы айтып берді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл негізінен тұрғын үй, әлеуметтік көмек және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты сұрақтар болды.Өңір басшысына жүгінгендердің кейбірі қалалық, аудандық әкімдіктердің және облыстық басқармалардың кеңсе әдеті бойынша қайтарылған жауаптарына шағымданды.Әбілқайыр Сқақов көтерілген мәселелерді тұрғындармен егжей-тегжейлі талқылап, оларды өз бақылауына алды. Өңір басшысы әкімдер мен құзырлы қызмет басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. 23 шілдеде Әбілқайыр Сқақов бейнеконференция байланысы арқылы 10 адамды қабылдады.Азаматтарды қабылдағаннан кейін облыс әкімі қол астындағыларға формалды жауаптар беру практикасын тоқтатуды және тұрғындармен ашық диалог құруды, мәселелердің байыбына  барып, оларды шешуге бар күштерін салуды тапсырды.