Бразилияда бір тәулікте COVID - 19 жұқтырған 59 961 науқас тіркелді. Жалпы елде қауіпті індет жұқтырғандар саны 2 287 475 адамға жетті. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазіргі уақытта 1 570 237 науқас айығып шықса, соңғы тәулікте коронавирустан 1 311 адам көз жұмды, қаза болғандардың жалпы саны 84 082-ге жетті. Бұл – пандемия басталғалы бір күнде тіркелген рекордтық көрсеткіш.