• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Шілде, 2020

Қытай билігі АҚШ-тың Чэндудағы Бас консулдығын жабуды талап етті

207 рет
көрсетілді

Қытай билігі Сычуань провинциясының Чэнду қаласындағы АҚШ консулдығы өз қызметін тоқтатуын талап етті. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Қытайдың Сыртқы істер министрлігі атап өткендей, бұл талап заңды мәртебеде қабылданғанын және АҚШ-қа қажетті жауап болып табылатынын, сондай-ақ аталған оқиғаға жауапкершілікті Вашингтон билігі алу керектігін мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ тарапы Хьюстон қаласындағы Қытайдың Бас консулдығын жабуды талап еткен еді. Себебі АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Морган Ортагус Вашингтон америкалықтардың зияткерлік меншігі мен жеке ақпараттарын қорғауды қамтамасыз ету үшін Хьюстондағы Бас консулдықты жабуды тапсырды.