• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Шілде, 2020

Атырауда 103 нөміріне қоңырау шалушылар саны екі есеге азайды

590 рет
көрсетілді

Облыстық жедел жәрдем стансасы директорының міндетін атқарушы Наргиз Баймолдаеваның айтуынша,  қазіргі уақытта 103 нөмірі арқылы call-орталыққа хабарласушылар саны азайып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Мәселен, 20 маусымнан бастап  тәулігіне 1300 қоңырау түсетін еді. Ал,  қазір шамамен 720-730 қоңырау шалынады.  Оның 300-ге жуығы аудан тұрғындарынан түседі.  Қоңыраулар саны 25 пайызға азайып, онлайн-консультациялар саны да кеміді. Хабарласушылардың басым бөлігі дене қызуы көтерілетінін айтады. Сөйтіп, өздерінде коронавирус инфекциясының белгілері бар-жоғын анықтағысы келеді. Сондай-ақ, мұндай жағдайда не істеу керек,  қайда бару, қандай ем қабылдау қажеттігін сұрайды", - дейді Наргиз Баймолдаева.

Қазір call-орталықта 36 тәжірбиелі маман тұрғындарға кеңес береді.  Олар 4 ауысыммен  тәулік бойы сағат жұмыс істейді.