• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Шілде, 2020

4 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырған ұры ұсталды

776 рет
көрсетілді

Петропавлда полицей төрт миллион теңгеден астам ақшаны жымқырған ұрыны “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 шілдеде сағат 10 шамасында “Корона” сауда үйінің маңында ұры Петропавл тұрғынының қолынан ақша салынған пакетті жұлып алып, үйлердің арасымен қаша жөнелген. Абдырап қалған әйелдің көмек сұраған даусын қалалық патрульдік полиция батальоны экипажының қызметкерлері естиді. Қызмет инспекторы Асқар Татанов аулалардың бірінде жасырынбақ болған ұрының соңынан жүгірді. Қуғыншыны байқаған қаскөй қолындағы пакетін лақтыра салып, жасырынбақ болды. Алайда, полиция қызметкері қуып жетіп, оны келген жедел-тергеу тобына тапсырды. Төрт миллион теңгеден астам болған пакет бірден иесіне қайтарылды.

"Мен абыржып қалдым. Оқиға орын алғанда, олардың соңынан жүгіре кетіппін. Кейін полицияға хабарласу керек қой деп ойладым. Кері жүгірдім. Әйелдер өз телефонымнан полицияға хабарласуға жәрдемдесті. Полицейлерге алғысым шексіз", – деп тәртіп сақшыларының үйлесімді және жедел әрекеттерін атап өтіп, қала тұрғыны өз ризашылығын білдірді.

Тонау фактісі бойынша ҚР ҚК 191-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамның бұрын бірнеше рет сотталғаны анықталды. Қазіргі уақытта Петропавлдың 34 жастағы тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды.