"Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ Басқармасының шешімімен Қанат Қалиұлы Алпысбаев "Қазпочта" АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Бұған дейін "Қазпочта" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған Сәкен Сәрсенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.