• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 26 Шілде, 2020

Каспий итбалықтары Қызыл кітапқа енді

261 рет
көрсетілді

Каспийдегі итбалықтары Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілетін болды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осындай шешімге келді, - деп хабарлайды Egemen.kz. 

Адамдардан жәбір көрген жануарлар енді мемлекеттік деңгейде қорғалады. Сала министрлігі жыл санап сиреп бара жатқан теңіз мекендеушілерінің популяциясын осылайша сақтап қалуды ойластырған сыңайлы. Еске салайық, Каспий жағасында итбалықтарды қуып жүріп сабаған азаматтардың әрекетін Мемлекет басшысы айыптаған еді.