• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Шілде, 2020

Түркия мен Грекия дауы үдей түсті

435 рет
көрсетілді

Тарихи ғимараттың мешітке айналуы екі ел арасындағы онсыз да шиеленіске толы қатынасты күрделендіре түсті. Айя София мешітінде алғашқы жұма намазы оқылғаннан кейін Анкара мен Афины бір-біріне қарсы мәлімдеме жасады.

Жалпы, НАТО-ға мүше екі ел табиғи байлықтар үшін көп уақыттан бері келісе алмай келді. Енді оған Грекия үшін де тарихи ғимарат саналатын Айя Софияның жаңалығы қосылды. Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған «Соңғы күндері біздің елге қатысты теріс пікір білдіріп жүргендердің негізгі мәселесі Айя София емес екенін білеміз. Олардың негізгі нысанасы – елдегі мұсылмандар», деді телеарналарға берген сұхбатында. 

Грекияның наразылық білдіруіне де себеп бар. Өйткені Айя София православ христиандары үшін киелі орын саналады. Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис Түркияның бұл шешіміне қатысты «Бұл күштің көрінісі емес, әлсіздіктің белгісі» деді. Сонымен бірге Анкараны «мәселе тудырушы» деп атап, өзгерісті ХХІ ғасырдағы жаһандануды келемеждеу деп түсінетінін жеткізді.

Түркия сыртқы істер министрі Грекия мәлім­деме­сінен кейін «Грекия тағы да өзінің ислам мен Түр­кияның жауы екенін дәлелдеді», деп қысқа қайырды.