• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Шілде, 2020

Көптің көмегі көңілге демеу

442 рет
көрсетілді

Бүгінде әлемді әбігерге салып отырған коронавирус індетімен күрес кезінде жамбылдық азаматтар да белсенділік танытуда. Жергілікті кәсіпкерлердің және өзге де қайырымды жандардың атсалысуымен қазіргі кезде Тараз қаласындағы №5 емханаға дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың ірі партиясы жеткізілген.

Оның ішінде дене қызуын түсіретін дәрілер, қабынуға қарсы дәрі-дәр­мек­тер, антибиотиктер және бір реттік шприцтер бар. Жалпы құны 27 млн тең­гені құрайды. Аталған меди­циналық бұйымдар тізім­ге сәйкес облыс бойынша көмекке мұқтаж жан­дар­ға таратылуда.

«Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кәсіпкерлермен арнайы кездесіп, жерлес­те­ріміз үшін қолдан келетін барлық мүмкіндікті жасауға шақырды. Кейінірек об­лыс­тық денсаулық сақ­тау басқармасынан азамат­тар қоңырау шалып, инфек­ция­лық аурухана үшін оттегі түтіктерін сатып алуға көмек­тесуімді сұрады. Өзім жақсы танитын біраз кәсіп­керлерге хабарласып, осы ұсынысты жеткіздім. Олар мені бірден қолдады. Сөй­тіп бәріміз 11 концентратор аппаратын алуға қаражат жинадық», дейді «Альтаис Групп» ЖШС бас директоры Әлімбек Жұмабаев.

Бұдан бөлек, қажетті мөлшерде дәрі-дәрмек сатып алу үшін қайырымды жандардың қолдауымен 48 млн теңгеге жуық қаражат жиналыпты. Жалпы алған­да, жамбылдық 20 ірі ком­п­­анияның басшылары қауіпті індетпен күреске 70 млн теңге көлемінде қаржы бөлген.

«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация­сы» мекемесінің бас­қар­ма төрағасы Олжас Қаржауовтың айтуынша, аталған корпорация үйлестіруші ретінде Шым­кент қаласындағы «Зерде» медициналық қоймасымен заттарды жеткізіп беру бойынша келіссөз жүргізген. Сондай-ақ олар тауар­лар­ды тасымалдауды ба­рынша қамтамасыз етіп­­ті. Жамбылдық кәсіп­кер­лер мен қоғам белсенділерінің, жалпы қа­йырымды жандардың же­дел жұмылып, жүйелі әрекет етуінің нәтижесінде көп­теген науқастың ла­йық­ты деңгейде ем алуына жағдай жасалып отыр. Бұл орайда Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орын­бе­ков қауіпті індетпен кү­ресте күш біріктірудің маңыз­ды­лы­ғын айта келіп, көптің көмегі талайдың көңіліне демеу болып отырғанын жеткізді.

 

Жамбыл облысы