Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы жарыс күнтізбесіне тағы да өзгерістер енгізді. Бұл туралы Egemen.kz Olympic.kz баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Нәтижесінде халықаралық ірі жарыс өтпейтін болды. Атап айтқанда, биыл 21-23 тамыз күндері Малайзияда өтеді деп жоспарланған Malaysia Open халықаралық додасы өткізілмейді.
Аталған турнир келесі жылы ұйымдастырылуы мүмкін.