Қазақстан аумағының басым бөлігін қамтыған циклонның өтуіне байланысты атмосфералық фронттар өзімен бірге күннің күркіреуімен және екпінді желмен жаңбыр әкеледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Солтүстік және шығыс өңірлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Тек батыс және оңтүстік-батыс өңірлер жоғары қысым алаңында болады, мұнда ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болса, соның ішінде 27 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында және 28 шілдеде Петропавл қаласында күндіз найзағай күтіледі.