• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Шілде, 2020

Карантиндік режімнің күшейтілгеніне қарамағандар...

191 рет
көрсетілді

Демалыс күндері карантин режімі күшейтіледі дегенге қарамай жұмыс істеген демалыс базасының қожайынына 230 АЕК дейін айыппұл салынбақ, деп хабарлайды Egemen.kz

Тыйымға қарамастан бұл жерде қала тұрғындары екі жалдамалы үйде демалған. Сағаттап жалға ұсынатын екі жеке моншаның иесі де енгізілген шектеу шараларын елемеген. Осыларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік материал жиналды.

Бұлардан басқа шектеу шаралары енгізілген 3 күнде СҚО полицейлері карантинді бұзғаны үшін 74 материал рәсімдеді. Бұл күндері шектеулердің сақталуын тексеру бойынша арнайы құрылған жұмыс топтары жұмыс істеді. Қызылжар ауданында прокуратура, полиция, ТЖ және жергілікті атқарушы билік өкілдерінен тұратын жұмыс тобы жүргізген мониторинг барысында демалыс аумақтарының тағы бірінде карантинді бұзу фактісі анықталды.

Жалпы өткен аптада учаскелік полиция инспекторларымен карантинді бұзу фактілері бойынша 150-ден астам материал жиналған. Індет жұқтырған кезде үйде оқшаулану, бетперде тағу режімін сақтамағандары, мәжбүр болмас да жүргендері үшін қала тұрғындары әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Кейбір дүкендерде сатушылардың бетперде тақпай, қолғапсыз жүргені анықталды. Санитарлық нормаларды сақтамаған такси жүргізушілеріне де қатысты материалдар жиналды. Кәсіпкерлер де карантинді бұзған.

Азық-түлік емес тауарларды сататын сауда орындарының жұмысын тоқтатпағандарға қатысты әкімшілік материалдар жинастырылып, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментіне жіберілді.

"Барлық жиналған материал бойынша сот шешімі қабылданатын болады. Қазіргі уақытта біз облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын сақтауға бағытталған күшейтілген түсіндіру жұмысын жүргізудеміз", дейді Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Григорий Тыш.