Көкшетау жоғары медициналық колледжін бітірген 69 жас дипломмен бірге жұмыспен қамтылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Өңірдегі ауруханаларға қазір медицина мамандары өте қажет, мейірбикелер мен зертхана қызметкерлеріне сұраныс жоғары. Сондықтан жаңа ғана диплом алған мамандар енді ауруханаларда еңбек етеді.
Сондай-ақ, өңірде колл орталық жұмыс істей бастады. Кез-келген адам орталыққа қоңырау соғып, өздерін мазалаған сұрақтарына жауап ала алады. Дәрі-дәрмекке қатысты ақпаратты да осы жерден білуге болады.