Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев бас қалада көтерме-бөлу орталықтарының құрылысы жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
"Көтерме-бөлу орталықтарында көкөніс сақтау желісін дамыту бойынша нақты инвесторлармен жұмыс істеуді бастадық. Қазіргі уақытта көтерме-бөлу орталықтарының құрылысы бойынша 3 инвестор бар. Сол сияқты министрлікпен бірлесіп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша қосымша көтерме-бөлу орталықтарының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл инфрақұрылымның бәрі болашақта елорданың әлеуметтік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", – дейді басқарма басшысы.