• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Шілде, 2020

Полиция дәрі-дәрмектерді қымбаттатудың 8 фактісін анықтады

118 рет
көрсетілді

Әрине, СҚО аумағында дәрі-дәрмек бағаларын ар-имансыз қымбаттатудың фактілері жоқ, бірақ рұқсат етілген шектен асып, халықтың қысылтаяңға ұрынған шағынан пайда тапқысы келетіндер мұнда да табылып жатыр.

СҚО полициясы 256 дәріханаға рейд жүргізген еді, соның ішінде бағаны көтеріп сатудың 8 фактісі анықталды. Петропавл қаласындағы дәріханалардың бірінде "Гриппостад" дәрісі 1960 теңгеге сатылған, ал оның ақырғы құны 1631 теңге. Тағы бір дәріханада "Аспирин Кардио" үшін 1670 теңге сұраған, ал оның бағасы – 1382 теңге. Мамлют ауданында "Кардиомагнил", "Тромбопол", "Аспирин Кардио", "Эффералган" сияқты дәрі-дәрмектердің, сондай-ақ медициналық бетперделердің бағасы негізсіз көтерілген. Медициналық бетперделердің ақырғы құны 118 теңгені құраса, Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінде ол 150 теңгеге сатылған.

Вирустық ауруларды емдеуге арналған дәрілік препараттар және бетперделер азық-түлік дүкендерінде, кейбір облыс тұрғындарының үйлерінде саудаланған. "Бұндай жағдайда ұзақ сақтау ережелерін ұстану және тауардың қауіпсіздігі туралы айтудың өзі қиын", - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Марат Жұмалиев.

Облыс бойынша осындай 14 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаментіне жіберілді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы