• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 28 Шілде, 2020

Елордада құрылысы ұзаққа созылған нысандарда қандай жұмыстар жүруде?

231 рет
көрсетілді

Биыл 8 мыңға жуық үлескер өз пәтерінің кілтін алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Алтай Көлгінов жұмыс күні басталғанға дейін жұмыс барысымен танысты. "Баспана Көктал" тұрғын үй кешені 5 жылдан бері проблемалы құрылыс санатында. Ондағы үлескерлердің саны 530-дан асады.

"Бұрынғы құрылыс салушы бірнеше қабатты заңсыз салған. Мысалы, 5 қабаттың орнына 9 қабат үй салған, ал 9 қабаттың орнына – 12 қабат. Үйлердің барлығы үлескерлерге сатылды", деп жазады Нұр-Сұлтан әкімі өзінің Instagram желісінде.

Қолданыстағы нормаларға сәйкес 6 қабаттан тұратын ғимарат лифтпен қамтамасыз етілуі тиіс. Осыған байланысты лифтілерді орнату үшін қалқаларды бөлшектеу жүргізіледі және өртке қарсы эвакуациялық сатылар орнатылады.

"Өткен жылы бірқатар проблема болды, басым бөлігі шешілді. Үй "Елорда құрылыс компаниясы" қатысумен "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынады. Биыл 20 көппәтерлі тұрғын үй кешенін салып, пайдалануға береміз. Бұл 8 мыңға жуық үлескердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді", деді А.Көлгінов.