• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Елорда 28 Шілде, 2020

Елордада жедел жәрдем шақыру саны 3 есеге азайды

197 рет
көрсетілді

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бүгін өткен Үкімет отырысында айтты, - деп жазады Egemen.kz.

Оның айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, ауыр халдегі науқастар саны 34%-ға төмендеген.

Алтай Көлгінов қазіргі таңда денсаулық сақтау ұйымдарына түскен салмақ едәуір азайғанын атап өтті.

"Қазір жедел жәрдемге жүгіну саны тәулігіне 4300-ден 1600-ге дейін, яғни 3 есеге төмендеді. Ал коронавирус бойынша жедел жәрдемге жүгіну 500-ден 89-ға дейін, яғни 6 есеге азайды. Пневмониямен ем алып жатқан азаматтар саны 2 есеге азайды. Сондай-ақ, стационарлардың жүктемесі 99%-тен 38%-ке дейін төмендеді",- дейді ол