• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Қазан, 2013

Ұлт жанашырына жасалған жақсылық

287 рет
көрсетілді

Астананың байырғы тұр­ғыны, Отан соғысының ар­дагері, белгілі қаламгер Әс­кен Нәбиевтің өмірден өт­кеніне біраз уақыт болған еді. Жақында қаламгер тұр­ған үйге ескерткіш тақта ор­натылды.

Астананың байырғы тұр­ғыны, Отан соғысының ар­дагері, белгілі қаламгер Әс­кен Нәбиевтің өмірден өт­кеніне біраз уақыт болған еді. Жақында қаламгер тұр­ған үйге ескерткіш тақта ор­натылды.

Оның алғашқы тыр­на­қалды дүниелері 1947 жы­лы жарық көріпті. «Пе­ри­зат», «Шолпан», «Қанат қақ­қанда», «Асқар асулар», тағы басқа да жыр жи­нақ­тары мен прозалық ең­бек­тері оқырмандар қо­лына тиіп, жоғары ба­ғасын алған. Бүкіл сана­лы ғұмырын ұлт рухания­тына арнаған жазушы облыстық белді ба­сылым­дардың редакцияларында қызмет атқарған. Одан кейін 25 жыл бойы Қа­зақ­стан Жазушылар ода­ғының Ақмо­ла облысы бойынша кеңесшісі болған.

Кітаптарына соғыс қаһар­­мандары мен елді мекен­­дердегі қарапайым адам­дардың ерлік­тері мен еңбек­терін арқау еткен Әскен Нәбиевке орна­тылған ескерт­кіш тақтаны ашу рәсіміне жиналған жұрттың қарасы біраз болды. Әсіресе, замандастары мына құрметке дән ри­залықтарын білдіріп жат­ты. Сөз алғандардың ара­сын­да бұрынғы Мәжіліс де­пу­таттары Амангелді Сыз­­­дықов, Жекен Қа­лиев, жа­зушы Амантай Кә­кен Әс­кен ағамыздың шы­ғар­машы­лығына жан-жақты тоқта­лып, жұбайы Фарида екеуі 11 баланы тәрбиелеп өсір­генін, үлгілі отбасы бол­ғанын, ұрпағы қазір тәуел­сіз еліне кінәратсыз қыз­мет етіп жатқанын да баса айтты. Қаламгерге көр­сеткен құр­мет, бұл ұлт жанашырына жасаған жақсылық деген байламдарын да алға тартты.

Сүлеймен МӘМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар