• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Шілде, 2020

Алтын артылған автокөлік шекарада ұсталды

301 рет
көрсетілді

Қостанай облысындағы "Қайрақ" бақылау бекетінің шекарашылары Ресей асып бара жатқан жүк көлігінен 10 тонна алтын кенін тапты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Көліктегі жүк құжат бойынша кварцит минералы деп ресімделген. Үйдей-үйдей 12 үлкен қапқа салынған алтын кенінің әр тоннасынан кем дегенде 1 келі таза алтын алуға болады екен. 

"Қазақстан Республикасы азаматы мінген "Вольво" маркалы жүк көлігі 27 шілде 2020 жылғы сағат 18:45-те шекаралық бақылау бекетінде тексерістен өту барысында ұсталды. Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, 1 грамм алтынның нарықтағы құны – 25 213 теңге. Сонда мемлекетке келтірілген шығын көлемі шамамен 250 млн теңге болады", - деді ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысындағы департаментінің баспасөз хатшысы Манарбек Карекенов.

 

Қостанай облысы