• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Шілде, 2020

Қостанай облысында 2 мыңға жуық дәрігер қосымша өтемақы алды

Қостанай облысында індетке қарсы күрес жүргізіп жатқан 1874 медицина қызметкері маусым айындағы жалақыларына қосымша жалпы сомасы 308 млн теңге көлемінде өтемақы алды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Өтемақыға ие болған дәрігерлердің 366-сы бірінші дәрежелі тәуекел тобына, 749-ы екінші, 759-ы үшінші дәрежелі тәуекел тобына жатады.   

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақтағы медицина қызметкерлеріне наурыз айынан бері 933,6 млн теңге қосымша өтемақы төленген. 

 

 

Қостанай облысы

 

Соңғы жаңалықтар