• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Коронавирус 29 Шілде, 2020

COVID-19: Өңірлерде оң өзгеріс бар

110 рет
көрсетілді

Елімізде коронавируспен ауырғандардың қатары азайып, сауығып шыққан науқастардың саны көбейген. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысына Нұр-Сұл­тан, Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қы­зылорда, Маңғыстау, Павлодар, Сол­түстік Қазақстан облыстарының әкім­дері аталған өңірлердегі санитарлық-эпи­демиологиялық ахуал жайында баяндады. Олардың айтуынша, корона­вируспен ауырғандардың қатары азайып, сауығып шыққан науқастардың саны көбейген. Жалпы жағдай тұрақталып келеді. Төсек-орындар мен дәрі-дәрмектердің қоры жасалған. Президент ахуалды қатаң бақылауда ұстап, аталған міндетке басым бағыт ретінде мән беруді тапсырды. Бұл ретте карантин шараларын сақтаудың маңызды екені және халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізе беру керектігі айтылды», делінген Б.Уәлидің Facebook парақшасында.