• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 29 Шілде, 2020

Экология министрлігі Ақтөбе облысын экологиялық тұрақтандыруға кешенді шара қабылдайды

529 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысының эко-белсенділері мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мамандары облыстың экологиялық проблемаларын кешенді шешудің жол картасын әзірлейді. Бұл туралы министрлік басшысы Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Ал Ақтөбеліктер министрлікке өңірдің экологиялық проблемаларын шешу жоспарын құруға көмектеседі.

"Ақтөбе облысы жұртшылығы өңірдегі экологиялық ахуал туралы  әлеуметтік желіде бірқатар мәселелер көтеруде. Бүгін эко-белсенділермен, жұртшылықпен осы себеппен онлайн-кездесу өткіздік. Қатысушылар атмосфералық ауаны мониторингілеу, ластаушы көздер туралы толғандырған мәселелерді, сондай-ақ проблемаларды шешудегі өз көзқарастарын білдірді", - деп жазды министр.

"Кездесу қорытындысында эко-белсенділермен бірге жақын аралықта эмиссияларды қысқарту, жасыл белдеуді дамыту, өндіріс қалдықтарын басқару шараларын қарастыратын облыстың экологиялық проблемаларын кешенді шешудің жол картасын жасап, бекіту келісілді", - деп хабарлады М.Мырзағалиев.

Бұл шаралардың барлығы кейіннен өңірдегі әкімдікпен бірге іске асырылады, деп нақтылады ол.

Сондай-ақ Экология министрі "Осы жұмыстарға үн қосқан барлық ақтөбеліктерге алғыс білдіремін. Барлығымыз бірге айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе аламыз", - деп ризашылық білдірді.

Оның айтуынша, министрлік еліміздің басқа өңірлерінде де осындай кездесулер ұйымдастыруды жоспарлап отыр.