• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 29 Шілде, 2020

Экология министрлігі Нұр-Сұлтандағы көне теректерді өз қамқорлығына алады

118 рет
көрсетілді

Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев билікті Нұр-Сұлтан қаласының орталық паркіндегі көне терекке айрықша мәртебе беруге және оны сақтауға шақырған астана тұрғындарын қолдап отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Қазақстандықтардың астана тұрғындарына белгілі 120 жылдық ерекше терек ағашын сақтау қажеттігі туралы бастамасын қолдаймын. Ол үшін барлық күшімізді салған жөн", - деп жазды М.Мырзағалиев Twitter-дегі өз парақшасында.

"Министрлік өз тарапынан ағашты сақтау жөніндегі жауапкершілікті алады. Ақпарат жазылған тақтайша орнатылады", - деп хабарлады ол.

Министр, сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының белсенділеріне қоршаған ортаға қамқорлық білдіргені үшін алғыс айтып, қалалықтарды  табиғи бірегей байлықты аялауға шақырды.