• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Саясат 30 Шілде, 2020

Аманатқа адал жандарды іріктейді

300 рет
көрсетілді

Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың шешімімен осы жылдың 17 тамызы мен 3 қаза­ны аралығында партияішілік таңдау – праймериз өткі­зіл­мек. Соған сәйкес алдағы уақытта аймақтарда мәс­ли­хат де­путат­ты­ғына сайлауға түсетіндердің 70 пайызы прай­ме­риз арқылы ірік­телген үміткер ретінде өз бағы мен бабын сы­най­ды.

Праймериз – партияның әр өңір­де өткізілетін сайлау алдын­дағы ішкі сайлауы. Ұғы­нық­ты тілмен айтқанда депутат ретін­де халыққа қызмет етуге бе­лін бекем буған азамат­тар­дың анықталып, олардың ел тір­лігіне араласуына мүмкіндік беретін алаң. Іскер азаматтарды ірік­теп, олардың сайлау деген саяси тартысқа түсуіне жол ашатын праймериз АҚШ, Канада, Аргентина, Уругвай, Германия, Түркия, Ұлыбритания, Испа­ния, Италия сынды елдерде құ­қық­тық салмағы басым формат болып табылады. Қазақстан тари­хында мұндай демо­кра­тия­лық акцияны алғаш болып Nur Otan партиясы қолға алып отыр.

Өзегінде теңдік, әділет­ті­­­лік де­ген ұғымдар жат­қан де­мок­ра­тияның дамуы­на, дә­уір­ле­уі­не жол ашатын праймериз жаңа көш­бас­­шыларды анықтауға мүм­кін­­дік береді. Қоғам өмірі­не бей-жай қарамайтын үміт­кер­лер­дің ішінен депутат болуға ла­йықтылар партия мүше­ле­рі­нің дауыс беруімен ірік­те­ле­ді.

Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда қоғамда депутат болу үшін мол мал-дүниең, адымы ашыл­ған бизнесің, қаржылай қорың, демеушілік тірлігің болуы керек деген қасаң түсінік бар. Депутаттардың арасында қайырымдылық істерге ден қойып, жомарттық танытып жүр­ген азаматтар баршылық. Олардың бұл игі қадамын қол­дай­мыз. Бірақ депутат жұ­мы­сы­ның өрісі осымен ғана шектелмей, одан да кең болуы тиіс. Ол қоғамда болып жатқан түрлі мәсе­лелерді тап басып, оларды шешуге атсалысатын азамат болуы қажет. Барлығына топырақ шашудан аулақпыз, бірақ қазіргі таңда қоғамымызда сайлаушылар үшін «сағымға» айналған де­путат­тар кездеседі. Міне, прай­мериз жауапты әрі сауапты қыз­метке сайланып алып, халық ама­натын сүлесоқ арқалап жүр­ген сондай азаматтарды шетке ығыс­тырып, оралым­ды қабілеті бар жандарға ел игі­­лігі үшін жұ­мыс істеуге мүм­­­кін­­дік бере­тін сая­­си қадам.

Халық аманатын арқалаған адам бұқарамен тығыз байланыста болуы қажет. Олай болса, сайлау алдындағы сайлауда, яғни праймеризде қолынан іс ке­летін, сан алуан дау-шарға араласа алатын, билікке түрлі проблемаларды шешудің жолдарын ұсына білетін, ой өрісі кең, қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүретін азамат­тар таңдалады. Ендеше, алда­ғы уақытта өткелі отырған прай­ме­риз­дің ел дамуына қосар үлесі аз бол­майтынына сенейік.

 

Талғат БАЛТАБАЕВ,

журналист