• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Саясат 30 Шілде, 2020

Конкурс енді екі кезеңмен өткізіледі

238 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Қа­зақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мем­­ле­кеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­ты­ру­лар енгізу туралы» заң негізінде «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға түзетулер енгізілді. Енгізілген түзетулерге сәйкес, бар­лық мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында өте­тін ішкі конкурс жалпы конкурспен біріктірілген болатын. Өзге­рістер 2020 жылдың 17 шілдесінен бастап күшіне енді.

Бұған дейін мемлекеттік органдар конкурстардың үш түрін жүйелі түрде өткізіп келді. Олар: мемлекеттік органның өз қызметкерлері арасындағы конкурс, барлық мемлекеттік қызметкерлер арасындағы конкурс және барлық азаматтар ара­сындағы жалпы конкурс. Ен­дігі жерде жаңашылдық мем­ле­кеттік органдардың бос лауа­зым­дарын уақыт созбай толты­ру­ға ықпал етеді.

Бұдан бөлек, аталған жаңа­­шылдық стратегиялық мақ­сат­­­­тарға қол жеткізу үшін кадр­лық ше­шімдер қабылдауда мемле­кет­тік органдардың ұтқыр­лы­ғын арттыруға септігін тигізеді.

Осының алдында конкурс­тар­дың үш түрін өткізу бос орын­дарды толтыру үшін көп уақыт­ты талап ететін. Бос лауа­зым­дарға орналасу кон­курс­тарының барлық кезеңдерін өткізу үшін 50 жұмыс күніне дейін созылатын, ал қазіргі уа­қытта бұл рәсім 15 жұмыс кү­ні­не дейін қысқартылды. Атал­ған тәсіл жүйенің ман­сап­тық моделін бұзбайды, оған үлкен ұтқырлық береді және тұтастай алғанда, жеке сектордан талантты мамандарды тарту процесін ж­еделдетеді.

Сонымен қатар мемлекеттік қыз­­­мет­шілердің жалпы кон­курс­­тарға қатысу тәртібі жеңіл­де­тілді. Өткен жылдың қа­ра­ша айында заңға мемле­кет­­тік қызметкерлерді жалпы кон­курс­қа қатысу кезінде тес­ті­леуден өту­ден босататын тү­зету­лер енгі­зілді. Осылайша, мем­ле­кет­­тік қызметшілер енді жалпы кон­курстарға жалпы негізде емес, ішкі конкурсқа ұқсас же­ңіл­­д­етілген тәртіп бойынша қа­ты­­сады. Осыған байланысты, конкурс кезеңдерін қысқарту мери­тократия қағидаттарына теріс әсер етпейді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 3 шілдесінде Мем­лекет басшысы Қ.Тоқаев «Қа­зақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемле­кеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы заңға қол қой­ған болатын.