Балаларының түнгі серуені үшін 252 шымкенттік ата-ана жауапқа тартылды. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Шымкент қаласы аумағында шілде айының 20-31 аралығында "Жасөспірім" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның тоғыз күнінде Ішкі істер органдарына 261 жасөспірім жеткізілген.
Оның ішінде тоғыз жасөспірім құқық бұзушылыққа бейім санатымен есепке қойылды. Ал кәмелетке толмағандар тәрбиесіне қатысты 259 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 252 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылды.