Шілденің 31 және тамыздың 1 мен 2 күндері Алматыда қоғамдық көліктер жұмыс істемейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес мереке және демалыс күндері (31 шілде, 1-2 тамыз) Алматы қаласындағы қоғамдық көліктің, сондай-ақ метрополитеннің жұмысы тоқтатылатындығын естеріңізге саламыз", - делінген хабарламада.
31 шілде Құрбан айт мерекесіне байланысты демалыс күні болып жарияланған.