• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Шілде, 2020

Qazaq air әуе компаниясының ұшағы неден зақымданғаны анықталуда

223 рет
көрсетілді

Алдыңғы ақпараттарда хабарлағанымыздай, Qazaq Air бортындағы зақымданулар мен ұшақтың жұмысын тоқтату себебі белгілі болды.

"Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Өскеменнен Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген Qazaq air әуе компаниясының әуе кемесін ұшудан кейін фюзеляждың төменгі, ортаңғы және орталық бөлігіне найзағайдың түсу іздері анықталды", деп мәлімдейді Азаматтық авиация комитеті.

Қазіргі уақытта әуе кемесі пайдаланылмайды. Qazaq Air әуе компаниясы аталған зақымдарды тексеру бойынша техникалық комиссия құрды.

Онда диаметрі 2 мм-ден 6 мм-ге дейін, қалыңдығы 1 мм-ден 2.5 мм-ге дейін фюзеляж тойтармалары орналасқан жерлерде күйдірілген учаскелер түрінде сегіз зақымдану нүктесі табылды. Бұл ұшу бағыты бойынша найзағай жағдайында атмосфералық электр қуатының разрядталуы нәтижесінде алынған зақымдарға тән.

"Осы авиациялық оқиға авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру Қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган комиссиясының тексеруіне жатпайды. Qazaq air әуе компаниясы авиациялық оқиғаға жеке тексеру жүргізуде",  деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.