Бас санитарлық мемлекеттік дәрігер Айжан Есмағамбетова жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz
"Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Халық үшін қорғаныш маскаларын кию міндетті:
- жабық үй-жайларда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйым және т. б.), сондай-ақ көлікте, далада болған кезде барлық адамдарға;
- СОVID-19 күдігі бар адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдарға;
- коронавирустық инфекцияға ұқсас ауру белгілері бар адамдарға (дене температурасының көтерілуі, жөтел, түшкіру).
Бұл ретте осы тармақ адамды міндетті орындауға міндеттейді және бұзылған жағдайда кінәлі адамға әкімшілік шаралар қолданылады.
Жабық үй-жайлардан тыс (далада) халық үшін қорғаныш маскаларын кию халық арасында инфекция жұқтыру тәуекелін азайту үшін ұсынылады:
Мақсаты – адамдарды бет бөліктерін (мұрын, ауыз) ықтимал инфекция жұқтырылған қолмен кездейсоқ ұстаудан қорғау. ДДҰ деректері бойынша адам минутына орташа есеппен 3-5 рет бетін ұстайды, бұл ретте бұл процесті бақыламай, ластанған қолымен инфекция жұқтыру тәуекелі артады.