• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Шілде, 2020

Биыл Павлодар облысында қоластындағы қызметкерлері жемқорлық жасаған 2 басшы орнын босатты

100 рет
көрсетілді

Өңірде жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысты 86 қылмыс тіркелген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы онлайн брифингте Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті басшысының м.а. Дархан Құрақбаев мәлім етті.

- 6 айдың ішінде облысымызда 86 сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс анықталды. 54 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 25 адам сотталды. Оның ішінде 14 адам сыбайластыққа қатысты және 11 адам қаржы жымқырғаны үшін сотталды. Қалған адамдарға қатысты тергеу жалғасуда, - деді Дархан Құрақбаев.